Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Марат Қарабаев ALSTOM компаниясының өкілдерімен кездесті

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігінде ALSTOM компаниясы өкілдерінің қатысуымен локомотив паркін жаңарту мәселесіне арналған кездесу өтті.

Теміржол техникасын шығаруда әлемдегі үздік компаниялар қатарына жататын ALSTOM жаңа буындағы алты осьті жүк электровоздарын өндіру аясындағы ұсынысы туралы баяндады. ALSTOM — ТМД және Еуропа елдері үшін сенімді серіктес, жоғары сапалы локомотив жабдықтарын өндіріп шығаруда айтарлықтай тәжірибеге ие.

Кездесу барысында тараптар тартқыш жылжымалы құрамды жаңарту бойынша ынтымақтастықты талқылады.

2029-2036 жылдар аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС арналған KZ6A сериялы 205 алты осьті электровозды сатып алуға келісімшарт жасасу қарастырылуда. Электровоздарды тартқыш жылжымалы құрамды өндірумен айналысатын жетекші кәсіпорынның бірі «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жасап шығармақ.

Сонымен қатар кездесу барысында ұзақ мерзімді келісімшарт жасасудың негізгі шарттары талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив