Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

«Халық қатысатын бюджет»: қала аулалары абаттандырылады

25-04-2025, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жобалары талқыланды. Ерекшелігі – қандай жұмыс атқарылатынын тұрғындар өздері ұсына алады.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бастаған көшпелі кеңесте биыл жоба аясында абаттандырылатын аулаларды аралады. Нәтижесінде 9 аулада заманауи ойын және спорт алаңдары, ал тағы 4 аулаға тұрғындардың өтініші бойынша жарық шамдары орнатылмақ.

– «Халық қатысатын бюджет» – тұрғындардың талабын ескеретін жоба. Аула – ең алдымен балалардың күліп ойнайтын, көршінің бас қосатын орны. Сондықтан әр бастама сапамен жасалуы қажет. Жұмысты бірге жоспарлап, бірге қадағалаймыз, - деді Бекжан Бапышев.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылатын аулалар тізімі:

1) Сеченов к-сі, 7, 7А
2) Достоевский к-сі, 186
3) Дулат Бабатайұлы к-сі, 32А
4) Қабанбай батыр к-сі, 42
5) Ертіс к-сі, 11 және 27
6) Мичурин к-сі, 79А
7) Галетто к-сі, 22 және Глинка к-сі, 27
8) М. Бейсембаев к-сі, 1А
9) Титов к-сі, 137 және 139
10) Щорс к-сі, 132
11) Затон, Амбулатория к-сі, 2
12) Овражная к-сі, 1
13) Ш. Уәлиханов к-сі, 150

Сапар нәтижесінде Бекжан Бапышев мердігерге жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасына кез келген қала тұрғыны өтініш бере алады. Қаламызды бірге көркейтейік!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив