Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Қызықты кітаптар әлемі шақырады BookVibe

23-04-2025, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасында Үкіметтің қаулысымен жаңа мереке, 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып бекітілді.

Осы атаулы күнге орай Қалалық орталық кітапханада «Қызықты кітаптар әлемі шақырады» атты BookVibe ұйымдастырылды. Іс-шара ұйымдастырушылары әрбір адамға «кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген ойды жеткізуді және кітапхана қорындағы жаңа, ең қызықты қазақстандық басылымдармен таныстыруды мақсат етті.

Сондай-ақ, Ұлттық кітап күніне орай «Семей қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сі ұйымдастырған «Кітап оқу марафоны» атты интернет-байқаудың қорытындысы жарияланды.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бахатова Маржан Аманбердіқызы бүгінгі таңда кітапхана - бұл ақпараттық-мәдени, зияткерлік орталық, шығармашылық пен бос уақытты тиімді өткізу, ауқымды жобалар және оқырмандармен креативті, шығармашылық жұмыс жүргізуге арналған алаң екенін және бүгінгі іс-шара соның айқын дәлелі болып табылатынын атап өтті.

Шара интернет-байқаудың жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Бұл байқауға қала және қала маңындағы 50-ден астам мектеп пен балабақша қатысты,  сондай-ақ, Ұлытау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстарымен Астана қаласынан жалпы 585 жұмыс ұсынылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп лүпіл жинаған жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болып сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталып, жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Жеңімпаздар қатарында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы және Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданынан қатысушылар болды. Олар Skype арқылы шараға қосылып, байқау ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив