Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Семей қаласының делегациясы «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне қатысуда

21-04-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі өтуде. Жиынға Семей қаласының делегациясы да қатысуда.

Фестиваль аясында Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Президент «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

«Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив