Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Сенатор Айнұр Арғынбекова парламентаралық әріптестікті дамыту жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Фара Каримимен бірге Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Тургунбек уулумен кездесті.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-қимылды өрістету мәселелерін талқылады. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен ұлттық заң шығару органдары арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар адам құқықтарын қорғау, сөз бостандығын қамтамасыз ету және осы салаларда халықаралық стандарттарды сақтаудың маңыздылығы мәселелері бойынша да пікір алмасты. Ашық диалог пен тұрақты жұмыс байланыстары мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив