Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Абай облысында өрт қаупінің алдын алу шаралары күшейтілуде

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өрт қаупі жоғары кезең басталысымен-ақ мамандардың назары ерекше бақылауға ауысты. Құрғақ әрі ыстық ауа райы қауіптің күшеюіне себеп болғанымен, төтенше жағдайлар қызметі дер кезінде әрекет етіп, алдын алу шараларын барынша күшейтіп отыр.

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Алмас Сүлейменов 2025 жылғы өрт қаупі кезеңінің барысы туралы баяндады.

– Биыл көктемде ауа температурасы қалыптан жоғары болды. Соның салдарынан өрт оқиғаларының саны артты. 7 сәуірден бері 167 құрғақ шөптің жану дерегі тіркелді. Оның 67-сі – далада, ал 95-і – елді мекендер аумағында орын алған, – деді басқарма басшысы.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 8 орман өрті тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш тек 1 жағдаймен шектелген. Ең ірі өрт оқиғасы Бесқарағай ауданындағы Морозов филиалының аумағында тіркелді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мамандар табиғат аясындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

– Өрт қауіпсіздігі – тек құтқарушы мамандардың ғана емес, баршамыздың ортақ ісі. Әрбір тұрғынның сақтығы мен ұқыптылығы табиғатты аман сақтауға ықпал етеді, – деп атап өтті Алмас Сүлейменов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив