Абай облысында медициналық жабдықтарды салыстырып тексерудің жалған сертификаттары анықталды

2025 жылдың сәуір айында Абай облысының аудандық ауруханалардың бірінде жүргізілген мемлекеттік бақылау барысында мамандар міндетті салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану жағдайларын анықтады. Бұл өлшем бірлігі және денсаулық сақтау саласындағы талаптарды бұзу болып табылады.
Медициналық жабдықты салыстырып тексеру - өлшеу дәлдігі мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды процедура. Ол термометрлерді, тонометрлерді, ультрадыбыстық аппараттарды және басқа диагностикалық құрылғыларды қоса алғанда, медициналық құрылғылардың кең ауқымына таратылады. Салыстырып тексеру метрологиялық сипаттамалардың сәйкестігін және жабдықтың қолдануға жарамдылығын растауды қамтиды.
Нұсқаманың орындалу фактісін тексеру кезінде мекеме бұзушылықтарды жою үшін нақты шаралар қабылдамағаны, оның орнына жалған салыстырып тексеру сертификаттарын ұсынғаны анықталды.
Сот аурухананы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұзушылықтарды жоюға жаңа нұсқама берілді. Бұрмалау фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасында салыстырып тексеру туралы берілген барлық сертификаттарды тіркейтін «Е-КТРМ» бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Кез-келген мүдделі пайдаланушы құжаттың түпнұсқалығын мына сілтеме бойынша тексере алады: https://techreg.gov.kz