Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.68 583.03 6.24

Өңірді жылумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты.

Кеңесте 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру, мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Білім, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, дене шынықтыру және спорт басқармасы, жобалық кеңсе басшылары баяндама жасады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жандос Қайырхановтың мәліметінше, биылғы жылу маусымында жылу желілерінде технологиялық бұзушылық аз тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға төмендеген.

Қазіргі уақытта Семейдегі жылу желілерін жаңғырту мақсатында 6 жоба жүзеге асырылуда. Осы жобалар аяқталса облыс орталығындағы жылу желілерінің тозуы 59,4 пайыздан 56,6 пайызға төмендейді деп күтілуде. «Теплокоммунэнерго» мекемесі өз күштерімен және құралдарымен сол жағалаудағы жылу желілерінің 36 учаскесін және оң жағалаудың 72 учаскесін жөндеуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек Курчатов қаласында үш қазандық пен 950 метрлік жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген. Аягөз қаласындағы «Орталық» қазандығы мен ұзындығы 10 шақырымнан асатын жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 800 млн. теңге бөлінді.

Жиында облыстағы коммуналдық кәсіпорындарының дебиторлық берешегі мен көмір қоры туралы айтылды.

Аймақ басшысы кеңесте қала-аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарға көмірді дер кезінде жеткізуді, облыс аумағындағы барлық қазандықтарды, оның ішінде жеке меншік нысандарды да комиссиялық тексеруден өткізуді, тұтынушыларының дебиторлық берешегін төмендету бойынша тиісті шаралар кешенін қабылдап, тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттігін айтты.

«Өткен аптада облысымызға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев келіп, өңірдегі бірқатар өзекті проблемалармен танысты. Оның ішінде алдағы жылу маусымы, Семей, Аягөз қалаларын сумен, жылумен жабдықтау мәселелері айтылды. Үкімет Абай облысына қолдау білдіреміз деп отыр. Сондықтан біз тиісті құжаттарды уақтылы әзірлеп, ұсыныстарымызды беруіміз керек»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив