Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды

30-04-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында бизнес нысандарының іргелес аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және сыртқы келбетін жақсарту мәселелері көтерілді. Қала басшылығы тарапынан нысандарды тиісті жағдайда ұстауға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар берілді.

- “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бизнесті белсенділік танытуға шақырып, “Сыртқы келбет – бизнестің имиджы, қаланың көркеюіне үлкен септігін тигізеді. Өз ауламыздан бастайық! – деп атап өтті Азамат Сәлімбаев.

Кездесу соңында кәсіпкерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдап, бір ай ішінде өз нысандарының аумағын тәртіпке келтіретіндерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив