ҚХА 30 жыл: Жерлестеріміз марапатқа ие болды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Мемлекет Басшысының Жарлығымен бір топ азамат жалпыұлттық бірлікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген ерекше еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында семейлік Роза Какимова, Галина Кириченко және Надежда Козырева бар.
«Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», – деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін облыс әкімі Берік Уәли этномәдени бірлестік, қоғамдық институт өкілдері, діни қызметкерлер, Достық үйлерінің директорлары, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттаған еді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»