Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Семей қаласының білім бөліміне басшы тағайындалды

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымына Асқарова Дидар Асқарқызы тағайындалды.

Дидар Асқарқызы 1977 жылы 14 тамызда Ақсуат ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын «Бастауыш білім беру әдістемесі және музыка» мамандығы бойынша, 2008 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, 2025 жылға дейін білім саласында түрлі қызметтер атқарған. Семей, Астана және Ақмола облыстарындағы бірқатар білім беру ұйымдарында мұғалім, колледж оқытушысы, директордың орынбасары және мектеп директоры болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияны басқарған. Еңбек өтілі – 27 жыл.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив