Бірлік күніне орай дін өкілдері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысының Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін өкілдері арасында волейболдан турнир өтті.
Қоғамдық келісімді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлікке үндейтін орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Абай, Жарма, Бесқарағай аудандары мен Курчатов, Семей қалаларынан келген 15 команда өзара тартысты додада бақ сынады.
Турнир қатысушылары белсенділік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды – Абай Құнанбайұлы орталық мешіті, ІІ орынды – Жарма аудандық мешіті, ІІІ орынды – Тас мешіті иеленді.
Сондай-ақ, үздік ойыншы және үздік үйлестіруші номинациялары табыс етіліп, барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар берілді.