Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Семейлік шекарашылар «Бірлік жарысы» марафонына қатысты

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасының әскери қызметшілері қала тұрғындары арасында ұйымдастырылған дәстүрлі «Бірлік жарысы» марафонына қатысты.

Аталмыш іс-шара бейбітшілік пен татулықты дәріптеуді, түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Әскери қызметшілер саптық тәртіппен, көтеріңкі рухпен, марафон жолын еңсеріп, шекарашыларға тән шыдамдылық пен бірліктің үлгісін көрсетті.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттады. Жарыс нәтижесі маңызды болмағанымен, бастысы — қатысу, бірлікті сезіну және елдің бейбіт болашағына өз үлесін қосу.

Марафонға қатысушылар қатарында түрлі ұлт өкілдерімен бірге шекарашы сарбаздардың қатар жүруі – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі. Бұл шекарашылардың тек қызметте ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді екендігін көрсетті.

Жарысқа қатысқан әскери қызметшілер өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың ұжым бірлігін арттырып, патриоттық рухты көтеруге үлкен үлес қосатынын атап өтті. Жас сарбаздар үшін бұл күн ерекше әсерлі әрі есте қаларлық сәттердің бірі болды.

Семей шекара басқармасы алдағы уақытта да бұқаралық спорт пен қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, халықпен етене байланыста болуды жалғастыра бермек. Бірлік пен татулық – ел қауіпсіздігінің, мемлекеттік шекара тұтастығының сенімді негізі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив