Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Семейде Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама өтті

8-05-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға соғыс ардагері Иван Шевцов, тыл ардагерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік кештің шымылдығы «Жеңіс күні» әнімен түріліп, орталықтың қызметкерлері мен Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Олар орындаған патриоттық әндер мен әсерлі көркем композициялар көрерменнің жүрегіне жол тауып, ерекше рух сыйлады.

Шара барысында ардагерлерге гүл шоқтары табысталып, алғыс сөздер айтылды. Ізгі тілектер мен ақ баталар алмасып, көпшіліктің көңілі бір сәтке соғыс жылдарындағы ерлік пен жанқиярлықты еске алды. Бұл кеш – тек концерт қана емес, бейбіт күннің бағасын ұғындырып, ұрпақ санасына тарихты сіңірудің жарқын үлгісі болды. Ардагерлерге деген шексіз құрмет пен алғыс – әрдайым ел жадында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив