Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

8-05-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тыл және еңбек ардагері, Гүлшар Жөкебаеваны Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен арнайы барып құттықтады.

Ардагер ананың ерен еңбегі мен өмірлік тәжірибесі – жас ұрпақ үшін тағылымға толы үлгі. Қиын-қыстау жылдары тылда тер төккен аналарымыздың ерлігі мен төзімділігі – Ұлы Жеңістің бір бөлігі екені сөзсіз. Гүлшар Жөкебаева Бекжан Бапышевқа шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

«Отанымыз аман болсын, елде тыныштық орнасын. Енді соғысты көрмейік, ұрпағымыз бейбіт өмір сүрсін. Жұмыстарыңыз берекелі, халыққа пайдалы болсын», – деді Батыр ана жүрекжарды тілегін арнап.

Бекжан Бапышев ардагердің ілтипатына ризашылық білдіріп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив