Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновпен кездесті

12-05-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Абай облысынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновпен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысы және ауылды жерлерді дамыту жайы талқыланды.

Облыс әкімі аймақта инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге, жылу, су, электр желілерін жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, әлеуметтік нысандар салуға, инвестиция тартуға және ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.

Нұртай Сабильянов заң шығару саласындағы жұмыстар туралы айтып, ел үшін маңызды заң жобалары қабылданып жатқанын атап өтті. Өңірдегі өзекті мәселелерді тиісті министрліктерге депутаттық сауал ретінде жолдағанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив