Облыс әкіміне жаңа техникалар таныстырылды
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласын аралау барысында жаңа коммуналдық техникаларды көрді.
Шаһардағы тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін мердігер ұйымдармен бірлесіп 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 10 жаңа техника жеткізіліп, іске қосылды. Бұл өз кезегінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Арнайы техникалар қыста қар күреп, көктем-күз айларында жолдарды жуып-тазалауға, көшелерді сыпыруға, құм себуге арналған. Ал жаңа техникалар қаланың орталық көшелерінен бастап, барлық шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерін тазалауға жұмылдырылатын болады.
Облыс әкімі қаланың тазалығы үнемі назарда болатынын атап өтті.
«Қала тазалығына байланысты тұрғындар тарапынан аз шағым айтылмайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырдық. Алдағы уақытта облыс орталығында арнайы техникалардың санын көбейтеміз. Қала келбетін жақсарту, тазалықты сақтау күнделікті және жүйелі жұмысты қажет етеді», – деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі