Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

11-05-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды. 

Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады. 

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда. 

Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив