Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.74 569.17 6.33

Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында шағын ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, ыстық су мәселесі, жаяу жүргіншілер жолының жетіспеушілігі, футбол алаңы мен жарықтандыру жайы көтерілді.

«Барлық айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды. Халықтың мұң-мұқтажын тек осындай жүзбе-жүз кездесулерде ғана шынайы ести аламыз. Сондықтан әрбір ұсыныс пен сұрақ біз үшін маңызды», – деді кездесу барысында Бекжан Бапышев.

Көтерілген барлық мәселелерді мұқият тыңдаған Бекжан Бапышев тұрғындармен бірге үйлердің аулаларын аралады. Тұрғындар құрылысы аяқталмай қалған футбол алаңын көрсетті. Нәтижесінде, нысанды қалпына келтіріп, пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан аула жарығы мәселесі де алдағы уақытта оң шешімін табатыны айтылды.

Айта кетейік, биыл жоспарға сәйкес Энергетик шағын ауданындағы №5 және №7 үйлердің аулалары абаттандырылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив