Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.74 569.17 6.33

Семейде Уәли Әбішұлы Имантаевқа арналған ескерткіш-тақта ашылды

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы, 408 квартал, 14-үйдің қабырғасында Ұлы Отан соғысының қаһарманы, жауынгер, қоғам қайраткері Уәли Әбішұлы Имантаевқа арналған ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әділбаев қатысып, батырдың ел алдындағы ерлігі мен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

«Уәли Имантаевтың өмірі – патриотизмнің, азаматтық борыш пен ерліктің жарқын үлгісі. Соғыстан кейін де ел игілігіне аянбай қызмет етіп, құқық қорғау саласында абыройлы еңбек еткен азамат. Бүгін ашылып отырған ескерткіш – елдің батырға деген құрметі мен тағзымының белгісі», – деді Қуаныш Әділбаев.


Уәли Әбішұлы Имантаев 1924 жылы Абыралы ауданында дүниеге келген. 14 жасынан балалар үйінде тәрбиеленіп, 1942 жылдың мамыр айынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін Богдан Хмельницкий атындағы миномет бригадасының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Әскери ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив