Кәсіпкерлік мен инвесторларды қорғау

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қоғамда заң және тәртіп қағидаттарын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауда.
Комитет және оның аумақтық органдары:
• мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске жүргізілетін барлық тексерулердің реестрін жүргізеді;
• тексеру және бақылау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, оның ішінде тексерулерді тіркеудің электрондық жүйесі арқылы;
• негізсіз немесе заңсыз тексерулерді, сондай-ақ тексеру тағайындау актілерін тіркеуден бас тарту жағдайларын бақылап отырады.
Осы жұмыстың арқасында бизнеске түсетін қысымды төмендетуге, сондай-ақ бақылаушы органдар тарапынан заңнаманың бұзылу әрекеттерін уақтылы анықтауға мүмкіндік туады. Комитет «Атамекен» ҰКП және инвестициялық омбудсменмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, кәсіпкерлерге түсетін жүктемелерге қатысты жүйелі талдау үшін деректер ұсынады.
Практикалық мәселелер мен сын-қатерлер құқықтық және институционалдық тетіктердің бар болуына қарамастан, іс жүзінде инвесторларды қорғау бірқатар елеулі қиындықтарға тап болуда:
• Әсіресе өңірлік деңгейде құқық қолдану тәжірибесінің біркелкі болмауы, дауларды шешудің болжамдылығын төмендетеді;
• Рұқсаттар мен лицензияларды алу кезінде бюрократиялық кедергілер;
• Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік қысым;
• Сот және төрелік шешімдердің орындалуымен байланысты мәселелер.
Бұл факторлар инвестициялық тартымдылыққа теріс әсер етуі мүмкін және мемлекет пен бизнестің тұрақты назарын қажет етеді. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан бірқатар реформалар мен жаңа бастамалар жүзеге асырылуда:
• Бақылау және рұқсат беру рәсімдерін цифрландыру, соның ішінде тексерулерді тіркеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы;
• Инвестициялық омбудсменнің рөлін күшейту;
• Экономикалық дауларға маманданған судьялардың біліктілігін арттыру;
• Медиация және төрелік сияқты дауларды сотқа дейінгі реттеу тетіктерін енгізу.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында әділеттілік, ашықтық және заңдылықты сақтауға бағытталған құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы инвесторларды қорғау қағидаларын ұстанатынын көрсетіп отыр. Елде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық және институционалдық тетіктер қалыптасқан. Бұл үдерісте Кәсіпкерлік кодекс, «Инвестициялар туралы» заң, инвестициялық омбудсменнің қызметі және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінднгі комитетінің мониторингі маңызды рөл атқарады. Алайда тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру, жергілікті деңгейдегі құқықтық нигилизммен күресу және бизнес қауымдастықтың кері байланысқа белсенді қатысуы қажет.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Б.А. Мырзабаев