Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Абай облысына бұрын-соңды болмаған инвестиция тартылмақ

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына серпін беретін жаңа бастамаларды жария етті. Оның айтуынша, алдағы уақытта облысқа ауқымды көлемде инвестиция тартылып, бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жеткізеді.

Аймақ басшысының айтуынша, инвестиция тарту – тек облыс басшылығының емес, әрбір деңгейдегі әкімнің тікелей міндеті. Осыған байланысты өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынуда.

Соның бірі – Семей қаласында «Инвесторлар үйінің» ашылуы. Бұл орталық өңірге қызығушылық танытқан инвесторларды қабылдап, оларға қажетті ақпарат беріп, рұқсат құжаттарын алуға көмектесетін және жобаларды сүйемелдейтін бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.

«Инвесторлар үйі – Абай облысының инвестициялық әлеуетін таныстыратын, нақты жобалармен жұмыс істейтін және бизнес орта мен билік арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналады», – деді Берік Уәли.

Аталған бастама өңір экономикасын жандандырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлікті ілгерілетуге зор ықпал етпек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив