Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Абай облысында қағаз және картон бұйымдарын шығаратын ірі өндіріс іске қосылады

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында тағы бір маңызды жоба жүзеге асырылуда. Биыл «Казполиграф» ЖШС жылдық қуаттылығы 40 миллион дана қағаз бен картон бұйымдарын өндіретін жаңа өндірісін іске қосады.

Аталған жоба облыс экономикасына тың серпін беріп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға ықпал етпек. Жобаға қажетті инфрақұрылым мен қаржылық қолдау облыстық әкімдік тарапынан көрсетілді, нақтырақ айтқанда, 6 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

Жаңа өндіріс орны кеңсе тауарлары, орауыш материалдары, санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдері сияқты кең ауқымды бұйымдар шығаратын болады. Бұл тек ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етіп қоймай, болашақта экспорттық бағытты да дамытудың негізін қалайды.

«Бұл жоба өңірдегі импортқа тәуелділікті азайтып, қосымша құнды өнімдер шығару арқылы экономикалық тиімділікті арттырады. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті кәсіпорындармен кооперацияны күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Жаңа өндіріс орны экологиялық стандарттарға сай жұмыс істейді және шикізаттың белгілі бір бөлігін қайта өңделген материалдардан алуы көзделуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив