Абай облысында жаңа жел электр станциясы салынады

Абай облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда нақты әрі батыл қадамдар жасауда. Облыста экологиялық тұрғыдан таза әрі заманауи жел электр станциясының құрылысы басталмақ. Аталған жобаны «Universal Energy» ЖШС іске асырады.
Жобаның жалпы құны – 55 миллиард теңге, ал болашақ станцияның қуаттылығы 14 мың киловатт (14 МВт) болады. Бұл – өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды нысандардың бірі болмақ.
Станция жел күшімен тұрақты әрі үнемді электр энергиясын өндіріп, облыстың энергия тұтынуын ішінара жабуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, артық энергияны ұлттық желіге беру де жоспарланып отыр.
Облыстық әкімдік аталған бастамаға толық қолдау білдіріп отыр. Қажетті жер телімдері, инфрақұрылым және рұқсаттық процестер бойынша қолайлы жағдай жасалуда.
Жел электр станциясының құрылысы жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, энергетика саласындағы технологиялық білім мен тәжірибені дамытуға мүмкіндік береді.