Семей қаласында жаңа өндірістік цех ашылды

Семей қаласында тағам түрлерін өндіру және дайын өнім жеткізуге маманданған «Самса.kz» компаниясының жаңа өндірістік цехының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жоба 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арқылы 5 миллион теңге көлемінде грант қаражатын иеленді.
Ашылу рәсімі барысында Абай облысы Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Мәлікаждар жоба иесін құттықтап, мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтижесін біз осындай жобалар арқылы көріп отырмыз. Бүгін ашылған өндіріс орны – кәсіпкерлікті қолдаудың тиімділігін көрсететін жарқын мысал. Сонымен қатар кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі қосымша мемлекеттік қолдауға қол жеткізді. Мұндай жобалар өңір экономикасына дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға серпін болуда», – деді бөлім басшысы.
Жаңа өндірістік нысан – өңірдің азық-түлік сапасын, сондай-ақ ұлттық тағамдарға деген сұранысты арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі