Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейдің тазалығын цифрлық жүйе арқылы жақсартуға қытайлық инвесторлар дайын

21-05-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Қытайдың Алтай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар шетелдік инвесторлар өз жобаларын таныстырды.

Атап айтқанда, Қытайдың «Линьи қаласының санитарлық тазарту тобы» атты мамандандырылған муниципалдық кәсіпорны Семей қаласында тазалық және коммуналдық қызмет көрсету саласына инвестиция салуға ниетті екенін білдірді.

5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жоба қала аумағын уақтылы әрі сапалы тазарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою, дезинфекциялау жұмыстарын қамтиды. Ең бастысы — бұл процестердің барлығы толық цифрландырылған.

Компания басшысының айтуынша, олар өздерінің заманауи қалалық тазалық жүйесін Семейде де енгізуге, үздік тәжірибесімен бөлісуге және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға дайын.

Берік Уәли шетелдік әріптестердің ұсынысына оң көзқарас білдіріп, аймақтың тазалық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив