Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Әлихан Бөкейхан университетінде азаматтық қоғамның рөлі талқыланды

22-05-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхан университетінде «Азаматтық қоғамның рөлі және оның даму жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Абай облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов, Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Еркебұлан Тұрсын және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік осал топтарды қолдау, жастар арасындағы қаржылық және құқықтық білімді көтеру, жергілікті билікпен тиімді байланыс орнату, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін қалыптастыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

– Бүгін сіздер көтерген барлық ұсыныстар мен мәселелер назарға алынып, пысықталатын болады. Алдағы уақытта да өңірдегі қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысуға шақырамын, – деді Арман Жемагулов.

Айта кетейік, бұл форматтағы кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив