Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
507.07 572.53 6.37

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында жазғы еңбек маусымы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Шара аясында еңбек жасағының маусымдық жұмысын үйлестіру, экологиялық мәдениетті дамыту және жастарды пайдалы еңбекке тарту бойынша бірқатар мазмұнды кездесулер мен акциялар ұйымдастырылды. 

Жыл көлемінде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Абай облысында 16–35 жас аралығындағы 1000-ға жуық жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған. 

Жоба шеңберінде жастар көгалдандыру, абаттандыру, саябақтар мен қоғамдық орындарды күтіп-баптау, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны тазарту секілді бірқатар экологиялық және көріктендіру жұмыстарына тартылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастардың еңбек дағдыларын қалыптастырумен қатар, олардың экологиялық мәдениетін арттыру және жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив