Көкпекті ауданының Мамай ауылында балабақша ашылды
Абай облысы Көкпекті ауданы, Мамай ауылының Амангелді атындағы мектебі жанынан 25 балаға арналған толық күнді балабақша ашылды.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, Мамай ауылы тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, балабақшаның ашылуына демеушілік жасаған бірқатар жерігілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл балабақшаның ашылуында өзіндік әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, балабақша ашылуымен Мамай ауылында 25 бала балабақшамен қамтамасыз етілді, екіншіден Мамай ауылында жаңа 5 жұмыс орны ашылды.
Жалпы биылғы жылы Көкпекті ауданы бойынша балабақшалар ашу арқылы 100 ден аса бала балабақшамен қамтамасыз етілді. Жыл соңына аудан бойынша тағы да 200 ден астам баланы балабақшамен қамтамасыз етіп, аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды толық 100% қамтамасыз етілетін болады.