Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Семейдегі ірі машина құрастыру зауыты Абай облысына 15,5 млрд теңге инвестиция салмақ

28-05-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздегі ең ірі машина құрастыру кәсіпорындарының бірі – «СемАЗ» ЖШС Абай облысына ірі көлемде инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы «СемАЗ» ЖШС басшылығы мәлімдеді.

Биыл зауытты ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, өндіріс қуаты айтарлықтай артады. «СемАЗ» жылына 5 мың дана арнайы техника шығару мүмкіндігіне ие болмақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 15,5 млрд теңгені құрайды.

– Абай облысында өтетін «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумына бұйыртса қатысамыз. Аймақ басшысы Берік Уәлидің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған үндеуін толық қолдаймыз. «СемАЗ» зауыты өңірдің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға әзір, – деп атап өтті Әсемхан Досқожанов.


Айта кетейік, «СемАЗ» ЖШС – еліміздегі машина жасау саласының көшбасшыларының бірі. Зауытта жоғары технологиялы жүк және арнайы техника өндіріледі. Кәсіпорын жаңғырту арқылы ішкі нарықпен қатар, экспорттық әлеуетін де күшейтпек.

Жаңартылған өндіріс алаңында жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, Абай облысының экономикасына серпін береді деп күтілуде.

Абай облысында өтетін инвестициялық форум шеңберінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, жергілікті және шетелдік инвесторлар арасында ынтымақтастық орнату көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив