Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

«QAZAQ ASTYQ GROUP» компаниясы да Абай облысына инвестиция салуға дайын

28-05-2025, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін толық циклде өңдеу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. «QAZAQ ASTYQ GROUP» ЖШС май экстракциялық зауытының базасында тәулігіне 200 тонна қапталған, тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 8,12 млрд теңге. Нәтижесінде 111-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ дәл осы өндірістік аумақта «Agroleader KAZ» ЖШС бастамасымен бұршақ тұқымдас және өзге де дақылдарды өңдеу мен қабықтан тазарту желісіне арналған жаңа цехтың құрылысы қолға алынған. Бұл жобаның құны – 4,07 млрд теңге, қосымша 50 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар бұл бастамалар алдағы уақытта тек жаңа жұмыс орындарымен қатар тұрақты түрде облыстық бюджетке салық төлейтін қосымша мекемелер болады.

Компания өкілдері Абай облысы әкімінің кәсіпкерлерге жасаған үндеуін қолдап, өңірдің экономикалық дамуына үлес қосуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив