Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу

30-05-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Бекжан Бапышев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, халықпен тұрақты диалог орнатудың жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы маңызды бағыт екенін атап өтті. Қабылдау нәтижесінде көтерілген мәселелерді жан-жақты зерттеп, шешу үшін тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау әр апта сайын бейсенбі күні өтеді.

Қабылдауға жазылу үшін Мәңгілік ел көшесі, 4-үй, 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпаратты 52-35-08 нөмірі арқылы алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив