Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Балалар күніне арналған шараға 25 мыңға жуық адам қатысты

2-06-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Балаларға қуаныш сыйлауға бағытталған бұл игі бастамаға 25 мыңға жуық бүлдіршін мен ата-аналар қатысты.

Шараға сонымен қатар отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Аталар мектебі», «Ағалар мектебі» секілді қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсенді қатысып, бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісті.

«Сиқырлы түстер әлемі» атты асфальтқа сурет салу акциясы барысында 300-ге жуық бала өз қиялындағы бейнелерді бояу арқылы жеткізді. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар, олардың көңіл-күйін көтеруге де септігін тигізді.

Қорытындылай келе, балалар – еліміздің ертеңі, болашағымыздың негізі. Оларға қуаныш сыйлау, бақытты балалық шақ қалыптастыру – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда бала құқығы мен олардың дамуына жағдай жасау мәселесіне деген көзқарас жыл санап жақсарып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив