Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасуда

2-06-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда алаңдардан 31911,7 текше метр қоқыс шығарылды.

Бұл жұмыстарға күн сайын 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылуда. Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді белгіленбеген және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға шақырамыз! Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қаламыздың көркіне нұқсан келтіреді.

Семей – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза да көрікті ету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Тазалықты бірге сақтап, туған қаламызға жанашырлық танытайық!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив