Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесу өтті
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті рет кездесу өткізді. Басқосуда бұған дейін көтерілген мәселелердің орындалу барысы баяндалып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.
Саяжайлардағы басты мәселенің бірі — электр желісі. Қазіргі таңда техникалық шарттар қайта қаралып, трансформаторға қосу жұмыстары жүргізіліп жаты.
«Бобровка мен Мұрат саяжайының тұрғындары биыл жарықсыз қалмайды. Бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелер өз кезегінде шешімін тауып келеді», – деді Бекжан Бапышев.
Сонымен қатар кездесуде Бобровка 6-саяжайына қосымша аялдама орнату, ауыз су, қоғамдық көлік пен санитарлық тазалық мәселелері қозғалды.
«Қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін тиісті мамандармен арнайы талдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – халықтың күнделікті қатынасы үшін аса маңызды», – деп атап өтті қала әкімінің міндетін атқарушы.
Кездесу соңында барлық айтылған мәселелер назарға алынып, олардың әрқайсысы бақылауда болатыны айтылды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАнықтамаҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы