Эрнар Ержанов ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Эрнар Бөрібайұлы Ержанов ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.
1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ Корпоративтік әкімшілендіру департаментінің инженері болып бастаған.
2001 жылдан 2002 жылға дейін әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2003–2007 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің БҚО бойынша құрылымында жетекші маман, бас сарапшы.
2007–2014 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті құрылымында жетекші маман, сарапшы, бас сарапшы.
2015–2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
2016–2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі.
2018–2021 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаментінің директоры.
2021–2022 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының Әуезов ауданы бойынша басшысы.
2022–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2023 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.