Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

5-06-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Онда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинмен екіжақты кездесу өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетті, биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, $200 млн-ға жуықтады. 

Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив