Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Абай облысында Орталық Азиядағы ең ірі ағаш өңдеу зауытының іргетасы қаланды

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ағаш өңдеу кешені салынады. Кәсіпорынның іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, «Универсал СМ» ЖШС бас директоры Жандос Тұрсынғали, Chang Xing Group компаниясының өкілдері қатысты.

Жоба құны 10 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Заманауи технология бойынша экологиялық таза ағаш плиталарын, теміржол және трамвай жолдарына арналған шпалдар өндірілмек. Мұнда жылына 500 мың текше метр көлемінде ағаш материалдарын өңдеп шығару қарастырылған.

Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. Кешеннің алғашқы кезеңін іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Ағаш өңдеу кешенінің іргетасын қалау рәсімінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр жобаның маңызына тоқталды.

«Бұл - біздің облысымыз үшін және Семей қаласының дамуы үшін өте қажетті жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экологиялық таза және инновациялық технологияларды енгізуге үлкен мүмкіндік аламыз», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив