Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынып жатыр

10-06-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұл маңызды нысан – «Ауылын көріп, азаматын таны» жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл тұрғыны Сейфолла Рахымбаев өз иелігіндегі екі қабатты ғимаратты мемлекет меншігіне сыйға тартты. Құрылыстың өзге бөліктері ұлттық қор есебінен қаржыландырылуда.

Жаңа мекеме заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталады.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған. Құрылыс алаңында 6 жұмысшы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта тас тақтайшаларды төсеу, кәріз жүйесін тарту, ғимараттың сыртқы қаптамасын орнату және аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив