Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы мамыр айындағы қызмет қорытындысы

11-06-2025, 14:37 018.kz

2025 жылдың мамыр айында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті шекаралық бақылауды қамтамасыз ету бағытында жоспарлы түрде қызмет атқарды.

Ай ішінде шекара арқылы 69 717 адам және 26 340 көлік құралы өткізілді.

Қызмет барысында төмендегідей заңбұзушылықтар анықталды:

•  Тыйым салынған арнайы құралды алып өтуге талпынған 1 азамат тоқтатылды. Тексеру кезінде электрошокер-фонарь тәркіленіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды. Азаматқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

• Әкімшілік жауапкершілікке 27 адам тартылып, жалпы сомасы 1 808 720 теңге айыппұл өндірілді.

• Қос азаматтықтың бір фактісі анықталды. Аталған азаматтың шетелдік төлқұжаты болғанымен, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықпаған. Сот шешімімен ол 200 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланды.

• Контрабандалық өнімдерді заңсыз алып өтуге қатысты 5 жағдай тіркелді. Атап айтқанда:

• 240-тан астам темекі өнімдері (акциздік маркасы жоқ)

• (112,4 литр) спирттік ішімдік

Бұл тауарлар тәркіленіп, құқық бұзушылар шекарадан өткізілген жоқ.

• Жанар-жағармай материалдарын нормадан тыс алып өтуге тырысу бойынша 5 дерек тіркелді. Заңсыз тасымал:

• 150 литр бензин

• 130 литр дизель отыны

• 100 литр мотор майы

Абай облысы бойынша Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы заңдылықты қамтамасыз ету және еліміздің қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив