Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Үржарда қоғамдық белсенділік пен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер өтті

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Үржар ауданында «Қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру» жобасы аясында және Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша маңызды кездесулер ұйымдастырылды.

«Шығыс жастары» қоғамдық қорының бастамасымен өткен іс-шаралар аясында бірқатар өзекті тақырыптар қамтылды. Алғашқы кездесуде қоғамдық кеңестердің жұмысы, қоғамдық консультациялар тетіктері мен азаматтық белсенділікті арттыру жолдары талқыланды. Халықтың пікірін шешім қабылдау процесіне енгізудің тиімді механизмдері қарастырылып, ашық диалогтың маңызы атап өтілді.

Сонымен қатар, жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Теолог маман дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, діни сауаттылықтың маңызын түсіндірді. Жастарға деструктивті діни ағымдардың белгілері мен қауіптері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, теологқа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Мұндай шаралар – жастардың рухани иммунитетін күшейтіп, қоғамдық белсенділікті арттыруға және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастама.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив