Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Семей қаласында маусым айының соңына дейін 44 жаңа автобус сатып алынады

16-06-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қаладағы автобус парктерінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда Семей қаласында маршруттық желіге сәйкес 42 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылған. Бұл бағыттарды 5 автобус паркі қамтамасыз етеді. Күнделікті бағыттардағы қозғалыс тұрақтылығы орта есеппен 80-82% шамасында.

Қалада жолаушыларды тасымалдайтын барлық автобустар GPS трекерлермен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы көлік қозғалысын «Bus Report» стационарлық бағдарламасы мен «InfoBus» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, автобустар электрондық төлем жасауға арналған валидаторлармен толық қамтылған.

Жыл соңына дейін көлік паркін жаңарту мақсатында 70 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде маусым айының соңына дейін 44 автобус қалаға жеткізіледі деп күтілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік сапасын арттырып, тұрғындардың қатынауын жақсартуға септігін тигізбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив