Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізде «Уылдырық» науқаны басталды

5-04-2023, 15:18 Думан Кенжеғазыұлы

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігімен елімізде ағымдағы жылдың 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық» балыққорғау науқаны өткізіледі.​

Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімдері белгіленген.

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.

Аталмыш тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап заңды бұзбауға шақырады. Нақтырақ өз өңіріңіздегі тыйым салу мерзімдері туралы ақпаратпен құзыретті органның сайтында таныса аласыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив