Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді

17-06-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қытай экспорт-импорт банкінің көлік-логистикалық және өзге де инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Чэнь Хуайюй Қытай тарапының өзара мүдделерге жауап беретін және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстан – Қытай ынтымақтастығын кеңейтуде маңызды фактор болатынына және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив