Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Нахаловка және Западный кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

17-06-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Нахаловка және Западный кенттерінің тұрғындарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің қатарында орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылу, жарық, жолдардың жай-күйі, қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру мен санитарлық тазалыққа қатысты мәселелер айтылды.

«Тұрғындар көтерген әр мәселе – назардан тыс қалмауы тиіс. Қаладағы тиісті бөлімдер мен коммуналдық қызмет басшылары айтылған әрбір ұсынысты жеке бақылауына алып, нақты шешім қабылдауы керек», - деді Бекжан Бапышев.

Кездесу қорытындысында тұрғындар көтерген мәселелер егжей-тегжейлі зерделеніп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, кент ішіндегі жолдарды тегістеу және қиыршық тас төсеу жұмыстары қолға алынатын болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив