Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Запастағы сарбаздарға білім сертификаттары табысталды

19-06-2025, 18:19 018.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Қарулы Күштер қатарында белгіленген қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарға білім беру сертификаттарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл сертификаттар елдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға құқық береді.

Іс-шараға ұлдарының өміріндегі маңызды оқиғаның куәсі болған ата-аналары да шақырылды. Әскери қызметшілерді қолдау бағдарламасы жастарды қызметтен кейін әлеуметтік бейімдеуге бағытталған және оларға білім алуға және кәсіби дамуға нақты мүмкіндіктер береді.

Салтанатты рәсімнің ең әсерлі сәттерінің бірі Данияр Молдахановтың анасы Еркеш Нұрпейісованың білдірген тілегі болды:

- Мен ұлымды қызметке кеткені есімде – толқумен, сонымен бірге мақтанышпен жібергем. Бүгін оның сертификат алғанын көріп, мен қуаныш пен ризашылықты сезінемін. Әскер оны күштірек, жауапкершілікті ұылып тәрбиелеген. Енді мемлекет оған білім беру арқылы өмір жолын жалғастыруға мүмкіндік берді. Осындай қолдау үшін алғысым шексіз.

Салтанатты шара мерекелік концертпен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив