Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.26 602.13 6.62

Семейде мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай Абай облысы әкімдігінде шара өтті. Шара барысында облыс әкімі Берік Уәли өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтады. Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шәріпов те қатысты.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік пен жоғары талаптарға сай, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз ететін маңызды сала. Қазіргі таңда облысымызда 3000-нан аса мемлекеттік қызметшілер еңбек етуде. Олар әр салада жанкештілікпен еңбек етіп, мемлекеттің тұрақты дамуы үшін үнсіз үлес қосуда. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – ел дамуының негізі, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі істердің бастауы. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Мемлекеттік қызметші – ел мен халық арасындағы алтын көпір болуы тиіс». Ел алдындағы парыз бен жауапкершілікті сезіну – нағыз азаматтың белгісі. Әрбір мемлекеттік қызметші – әділеттілік пен адалдықты ту еткен, заң мен тәртіпті қатаң ұстанатын, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түретін тұлға», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан үздік мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өткен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтарға сервистік әрі қолжетімді қызмет үлгісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Жүлдегерлерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шәріпов құттықтап, марапаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив