Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.34 623.05 6.65

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

24-06-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде адамдар көп жиналатын орындар мен криминогендік ахуалы жоғары аудандарда бейнебақылау камераларын және көше жарықтандыру жүйесін орнату, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында білім беру ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту мәселелері қаралды.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – бұл тек полицияның ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәрбиені күшейтуге ерекше назар аударуымыз қажет», – деп атап өтті Қуаныш Әбілдаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив