Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Қазақстан полициясы күні: бүгінгі күннің батырлары марапатталды

24-06-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Осыдан бірнеше күн бұрын Семей қаласында 7 жасар бала жоғалып, оны іздестіру жұмыстарына 1000-нан астам адам – полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған еді. Ауқымды іздеу шаралары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді.

Жоғалған баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев тауып, аман-есен отбасына қайтарды. Бұл – олардың кәсібилігі мен табандылығының, нағыз қызметтік ерліктің нәтижесі.

Қазақстан полициясы күніне орай көрсеткен жанқиярлығы үшін аталған полиция қызметкерлері Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қоғам қауіпсіздігі мен адам өмірін қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген осындай азаматтар – бүгінгі күннің шынайы батырлары.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив