Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Мемлекеттік шекарада Қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды

26-06-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Семей шекара басқармасының «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде ерекше оқиға тіркелді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекарашылар күмән тудырған автокөлікті тексеру барысында Қызыл кітапқа енген төрт тірі сұр варан табылды. Арнайы техниканың көмегімен жүргізілген мұқият тексеру жануарлардың заңсыз тасымалдануының жолын кесті.

Аталған факті бойынша тиісті құқық қорғау органдарына дереу хабар беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив